09:18, 04 Мамыр 2025 | GMT +5
Калифорнияда шағын ұшақ тұрғын үйлерге соғылды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Сими-Вэлли қаласында (штат Калифорния) шағын, бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш мерт болды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

ABC телекомпаниясының жергілікті бөлімшесінің хабарлауынша, ұшақ қаладағы үйлерге құлап, өрт шыққан. Өрт бірден сөндірілді.
Тұрғын үйлердің тұрғындары зардап шеккен жоқ.
АҚШ-тың азаматтық авиация федералдық басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Осыған дейін Қытайда тікұшақ құлап, бір адам мерт болғаны туралы жаздық.