Калифорнияда тікұшақ үйдің төбесіне құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Ньюпорт-Бич қаласында тікұшақ үйдің төбесіне құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Калифорнияда тікұшақ үйдің төбесіне құлады

Қалалық өрт сөндіру қызметі өкілдерінің хабарлауынша, апат шамамен жергілікті әуежайдан бір жарым километр қашықтықта болған.

Robinson-44 тікұшағының бортында үшқыш пен жолаушы болған. Олардың не болғаны туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Апат салдарынан зардап шеккендер мен мерт болғандар туралы да ешқандай мәлімет таратылмаған.