Калифорнияда ұшақ ғимараттың үстіне қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жеңіл моторлы ұшақ шұғыл жағдайда офис ғимаратының үстіне қонды.

Калифорнияда ұшақ ғимараттың үстіне қонды

Келеңсіз оқиға Калифорния штатындағы Помон қаласында орны алды. Ұшақ бортында төрт адам болған. АВС телекомпаниясының хабарлауынша, шұғыл қонудың салдарынан екі адам жапа шекті. Оның бірі ауруханаға жатқызылды, екіншісіне оқиға орнында медициналық жәрдем көрсетілді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.