Калифорнияда ұшақ үйдің төбесіне құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бортында екі жолаушы болған жеңіл моторлы ұшақ американдық Калифорния штатындағы үйге құлады, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

Калифорнияда ұшақ үйдің төбесіне құлады

АҚШ азаматтық авиация федералдық басқармасының баспасөз қызметкері Аллен Кенитзер хабарлағандай, оқиға Невада штатымен шекара маңындағы Саут-Лейк-Тахода жергілікті уақытпен сенбі күні түнде орын алды. Оның ақпаратынша, Beech 35 Bonanza жеңіл моторлы ұшағы Лейк Тахо әуежайынан ұшқаннан кейін құлады.

Жолаушылардың жағдайы туралы әзірге еш хабар жоқ. Үйде болған адамдар жапа шекпеді. Ұшақтың құлауы салдарынан өрт шығып, ол шұғыл сөндірілді.