Калифорнияда жасөспірімдерге солярийге баруға тыйым салынды
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Калифорнияда 18 жасқа толмаған тұлғаларға солярийді пайдалануға тыйым салу туралы заңға қол қойылды.
Заң жобасы авторларының бiрi сенатор Тед Лия жастарды солярийде қолданылатын ултракүлгінді радиацияның «өте қауіпті» дозасынан сақтау керектігін мәлімдеді, деп жазады ДНИ.РУ.
Калифорния белгілі бір жас шамасына дейін солярийге толығымен тыйым салған АҚШ-тың алғашқы штаты атанды.
«Комсомольская правда» жазғандай, бұл қызметті пайдаланатындардың 5-10 пайызын 18 жасқа толмаған жасөспірімдер құрайды екен.