Калифорниядағы атыс: мерт болғандар саны 9 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сан-Хосе қаласында (Калифорния штаты) теміржол депосы жанында болған атыс құрбандарының саны сегіз адамнан тоғызға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC телеарнасына сілтеме жасап.

Калифорниядағы атыс: мерт болғандар саны 9 адамға жетті

Телеарнаның мәліметінше, зардап шеккен адам сәрсенбі күні ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бірақ көп ұзамай көз жұмды.

Сәрсенбі күні жергілікті көлік басқармасының қызметкері Сан-Хоседегі теміржол депосының жанында оқ атқан. Бұған дейін хабарланғандай, атыс салдарынан сегіз адам қаза тапқан, олардың арасында басқарма қызметкерлері де бар. Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, құқық қорғау органдары Сан-Хоседе өзін-өзі өлтірген жанкештінің әрекетінің себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізуде. Бастапқыда полиция қылмыскердің көзін жойғаны туралы хабарланды.

Санта-Клара округі шерифінің орынбасары Расселл Дэвис баспасөз мәслихатында полиция болуы мүмкін жарылғыш құрылғыларды іздеп депо аумағын тексеріп жатқанын айтқан. Олардың біреуі табылды.

Билік оқ атқан адамның аты-жөнін жарияламайды. Алайда, кеше AP агенттігі хабарлағандай, құқық қорғау органдарындағы дереккөздерінің мәліметінше, оқ атқан – 57 жастағы Сэмьюэл Кэссиди. Ол депода 2012 жылдан бері жұмыс істеген. Полиция оның үйін де тінтуде. Опат болғандардың арасында 29 мен 63 жас аралығындағы ер адамдар бар.