22:01, 01 Тамыз 2022 | GMT +5
Калифорниядағы «Маккинни» өрті 21 мың гектар орман алқабын жалмап кетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Маккинни» орман өрті биыл Калифорниядағы ең ірі өрт болды. Жұма күні Орегонмен шекарадағы Кламат ұлттық саябағы өртеніп, демалыс күндері жалын 21 мың гектар орманды алқапты өртеп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Найзағай, аптап ыстық, құрғақшылық пен жел салдарынан жүздеген өрт сөндіруші өрттің таралуын ұстап тұра алмады. Жергілікті шерифтің айтуынша, жексенбі күні кешке өрт әлі де ауыздықталмаған. Құтқарушылар үш мыңға жуық жергілікті тұрғынды эвакуациялауға мәжбүр болды. Кейбір тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары өртеніп кеткен. Билік шығын көлемін бағалауды жалғастыруда.
Жалынның жылуы әуелі найзағай, содан кейін жаңа өрттің шығуына себеп болатын пирокумулонимбус деп аталатын бұлтты тудырды. Бұл ретте синоптиктер өрттен шыққан түтін ауа температурасын төмендетіп, жаңа жалынның тумауына септігін тигізетініне үміттеніп отыр.
Видеодан алынған кадр