Калифорниядағы орман өрті 404 құрылыс нысанын зақымдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Американың Калифорния штатында болған «Дикси» өртінің жалыны төрт округтің мыңдаған шақырымына тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат San Francisco Chronicle-ға сілтеме жасап.

Калифорниядағы орман  өрті 404 құрылыс нысанын зақымдады

Штаттағы Плумас, Бьют, Техама және Лассен округтерінде өршіп тұрған орман өрті 404 құрылыс нысанын, соның ішінде тарихи Гринвилл қаласындағы 27 құрылысты зақымдаған. Жалынды сөндіруге 5 мыңнан астам өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Сенбі күні Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом кезінде Гринвилл қаласына барып, Twitter-де көзімен көрген жағдай туралы жазды.

Басылым мәліметінше, «Дикси» өрті 13 шілдеде басталды. Оның орын алуына электр тасымалдау желілеріне ағаштың құлауы себеп болуы мүмкін.