17:41, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Калифорниядағы өрт қасақана әрекеттен басталған
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Калифорниядағы Лос-Анджелес ауданында бірнеше күн бойы өршіген орман өрті қасақана өрт қоюдың салдарынан басталған.
Сарапшылар осындай қорытындыға келіп отыр. Өртпен күресте екі өрт сөндіруші қаза тапты. «Анджелес» Ұлттық орман саябағындағы 60 мың гектар орман алқабы және 50-ден астам құрылыс нысаны күлге айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиостансасына сілтеме жасап.
Лос-Анджелес полициясы «қасақана өрт қою» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Осыдан бір апта бұрын басталған өрт әлі күнге дейін сөндірілген жоқ. Сарапшылардың болжамынша, өрт әлі тағы бірнеше аптаға созылады.