Калифорниядағы өрттен 80 мың тұрғын эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкадағы Калифорния штатының билігі орман өртіне байланысты Сан-Бернардино графтығындағы 80 мың тұрғынды эвакуациялады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

 Калифорниядағы өрттен 80 мың тұрғын эвакуацияланды

34,5 мың үйге өрт аумағында қалып қою қаупі төнген. Сейсенбі таңертең басталған өрт алты мың гектар аумаққа таралған.

Калифорния губернаторы Джерри Браун Лос-Анджелестан 100 шақырым жердегі графтықта төтенше жағдай жариялады. Қазір орман өртімен 700 өрт сөндіруші күресуде.

Жалын алғаш штатты Невада штатының Лас-Вегас қаласымен байланыстыратын жолдың маңында шыққан. Қазір жол жабық. Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз.