Калифорниядағы тұрғын үйлердің біріне ұшақ құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатындағы тұрғын үй орамдарының біріне ұшақ құлап, кем дегенде екі адам қаза тапты. Бұл туралы The Sun хабарлайды.
None
None

Ориндж округінде екімоторлы ұшақ құлаған үй өртеніп кеткен. Дәл қазір екі адамның қаза тапқаны туралы ақпарат бар, тағы екі адам ауруханада жатыр.

Басылымның деректеріне қарағанда, ұшақ Орегонда тұратын жеке тұлғаға тиесілі. Ол Фуллертон әуежайынан әуеге көтерілген.

Оқыс оқиғаның себептері тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар