Калифорниядағы зілзала: 200 мың адам жарықсыз отыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатының оңтүстігінде магнитудасы 7.1 балдық жер сілкінісі болды. деп хабарлайды Еуропа-Жерорта теңізі сейсмикалық орталығы.
БАҚ деректеріне қарағанда, бірнеше ондаған адам зардап шеккен. Табиғи апат салдарынан Риджкрест қаласында ғимараттар қираған.
Жер асты дүмпуі жергілікті уақытпен 03:19-да тіркелген.
Зілзала ошағы Лос-Анджелестің солтүстігінде 193 шақырым қашықтықта 10 километр тереңдікте орналасқан.
Ал РФ Сыртқы істер министрлігінің Ситуациялық-дағдарыс орталығы twitter-де жариялаған деректерге қарағанда, 200 мың адам жарықсыз отыр.