Калифорниялық аспазшы афроамерикандық тағам мәдениетімен қазақстандықтарды таныстырмақ

Үшінші жыл қатарынан жүзеге асып отырған аспаздық дипломатиясының бағдарламасы шеңберінде бас аспазшы Таня Холланд афроамерикандық тағамдардың дайындалуын көрсетеді. Американдық бұрыштарда жастармен кездесіп, кәсіпкерлік жайлы өз пікірімен және тәжірбиесімен бөліседі. Сонымен қатар, Қазақстандағы түрлі ұлттың тағамдарымен танысып, дәмін көреді. Қазіргі «соул-фуд» әлемінде өзінің өнертапқыштылығымен әйгілі болған, әрі классикалық мәзірінде де шебер бас аспазшы Таня Холланд Алматы, Шымкент, Сайрам, Павлодар және Астана қалаларында шара өткізеді. Таня Холланд - бас аспазшы және Brown Sugar Kitchen және Окленд (Калифорния) қаласындағы B-Side Bakery мейрамханасының иесі. Таня The Today Show, Vh1′s Soul Cities, Sarah Moulton's Cooking Live, Ready, Set, Cook! және The Wayne Brady Show ұлттық шоуларына қатысқан. Таня Вирджиния университетінің орыс тілі мен әдебиетінен гуманитарлық ғылымдарының бакалавр дәрежесін алған, сонымен қатар Бургундияның (Франция) Варенн атындағы аспаздық мектебін (La Varenne Ecole de Cuisine) бітіріп диплом алған.