Қалың қар, көктайғақ, боран — 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 11 қаңтар, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

ауа райы
Фото: Freepik

Оған сенсек, Қазақстанның басым бөлігі әлі де көп ылғал қоры бар атлантикалық циклон ықпалында болады.

Соның салдарынан негізінен қар жауып, бұрқасын соғады.

Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, кей аудандарда қар аралас жаңбыр жауады. 

Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты екпінді жел тұрады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында күндіз жел екпіні 30 м/с асады. 

Соңғы жаңалықтар