Қалың қар мен көктайғақ: ШҚО-дағы жолдардың бірі жабылды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірі жабылды.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызмеінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда қалың қар жауып, жолдың дұрыс көрінбеуіне әрі көктайғақ болуына байланысты Самар тасжолының бір бөлігі жабылды.
- Облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» (Тарғын мен Самар ауылдарының арасы) жолы барлық көлік түрлері үшін жабық болады. Жүргізушілерді өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығын алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін Күйік асуындағы жол жөндеу кезінде 191 млн теңге артық есептелгені хабарланған.