Калининград облысында белгісіз біреулер екі әскери кемені ұрлап кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калининград облысындағы Балтық қаласындағы айлақтан екі әскери зымыран қайықтар жоғалып кетті.
Mash телеграм-каналы хабарлағандай, РФ Қорғаныс министрлігі шығынға жазылған катерді кәдеге асыру үшін жергілікті кәсіпорынға сатқан. Алайда, кемелерді бөлшектеудің орнына жергілікті айлаққа шынжырлап қойған.
Полицияға зымыран катерлердің жоғалу фактісі бойынша кәсіпорынның директоры хабарлаған. Құқық қорғау органдары тексеру ұйымдастырды.