Калининград облысында құпия тілде жазылған қағаз табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Калининград облысы Балтийск қаласында (1946 жылға дейін Пиллау деп аталған) «Спецгазавтоматика» компаниясының қызметкерлері газ құбырын салып жатқанда ішінде белгісіз тілде жазылған қағаз бар қоңыр түсті шыны бөтелке тапқан, деп жазады «Газета Ру».
Жұмысшылар бұл жаңалықпен бөлісу үшін «Страна Калининград» басылымының журналистерін шақыртқан.
Жұмысшылар бөтелкені сындырып, ішінен оралған екі қағазды алады.
Сарғайған екі парақшада каллиграфиялық үлгіде латын әріптерімен жазылған белгісіз мәтін болды. Журналистер оны танымал лингвистерге, тіл мамандарына оқытқанымен ешкім оның қай тілде жазылғанын түсіндіріп бер алмайды.
Ал, сарапшылар бұл шифрланған құпия мәтін екенін айтады. Алайда, оны кім және не үшін жазғаны жұмбақ болып қалмақ.