Калининград түбінде табылған құпия қоймадан Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі 10 млрд. неміс маркасы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калининград облысында еріктілер Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі мерт болғандар жерленген зираттардың біріне абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан шақта құпия қойманың үстінен шықты.
None
None

Онда ХХ ғасырдың бас кезіндегі заттар және кейінгі ұрпаққа жолданған хат табылды.

Бұл туралы ТАСС агенттігі «Технополюс GS» еріктілер қозғалысының баспасөз хатшысы Екатерина Тюкельге сілтеме жасап хабарлайды.

«Нестеров ауданындағы Чкалов кентінде Бірінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандар жерленген зиратты жөнге келтіріп жатқан еріктілер металл жәшік тауып алған»,-дейді Тюкель. Оны Гусев қаласының тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ашқан. Жәшікте хаттың қолжазбасы -ұрпаққа жолданған аманат, Энцнен-Тракенен әскери құрамаларының белгішелері, ХХ ғасырдың басындағы неміс және шығыспруссиялық патриоттық газеттің бірнеше нөмірі болған.

Сондай-ақ металл жәшіктен түрлі ақша банкноттары, Веймар республикасы дәуіріндегі 10 млрд. неміс маркасы (1919-1933 жж) табылды.

Соңғы жаңалықтар