Калининградтағы құрылыстардың бірінде ҰОС кезіндегі 387 снаряд табылды
АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Калининградтағы құрылыс алаңында Ұлы Отан соғысы кезіндегі 387 снаряд табылды, олар арнайы әскери полигонға жеткізілді және жақын арада жойылатын болады,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
23 қыркүйекте, дүйсенбі күні, экскаватор жүргізушісі құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде снаряд жарылған. Ол шұңқырдан белгісіз затты көріп қалып, оны ожау арқылы балшықтан тазартпақ болған. Жарылыс салдарынан ер адам қолынан айырылып, ауруханаға жатқызылды.