«Қалқанқұлақ» телехикаясын ютубта 2 млн адам тамашалады

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - «Balapan» телеарнасының балаларға арналған комедиясы - «Қалқанқұлақты» Youtube видеохостингінде 2 млн адам тамашалаған. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы басқармасының төрағасы Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Отырыс барысында Ерлан Қарин ақпарат тарату бойынша телевизияның және радионың доминантты болғанына қарамастан, интернет ақпарат алу, іздеу және көңіл көтеру бойынша өз орнын жаулап алып отырғандығын атап өтті.

«Біздің БАҚ құралдары интернетті өз бағдарламаларын жарнамалау үшін және танымалдалығын арттыру үшін өте жиі қолдана бастады. Біз интернет сайтымызды және интернет парақшаларымызды күннен күнге жетілдіруге тырысамыз және ең бастысы оның кері байланыс функциясын қолданамыз. Ол өз кезегінде аудиторияның шынайы пікірін білуге көмектеседі. Осылайша интернет біздің өміріміздің барлық саласына еніп кеткендігін, БАҚ-тың онлайн-ресурстарын қазақ тілі басым болатын толыққанды медиактивтерге айналдыру керектігін ескеру қажет», - деді ол.

Корпорация басшысының пайымынша, қазіргі кезде істеп тұрған сайттарды прогрессивті қолданушылар мен жарнама берушілер үшін қызықты онлайн-ресурстарға айналдыру, телевизиялық ақпарат легі мен радиолардың онлайн сайттардың ақпаратын синхрондау және  тіл туралы бірыңғай контенттік саясатты қолдану арқылы толыққанды медиактивтерге қол жеткізуге болады.

«Дамудың осы жолының перспективалы екендігі жайында келесі мысалды келтіруге болады. Жаңа маусым аясында «Balapan» телеарнасында эфирге шыққан «Қалқанқұлақ» балалар жобасы - 17 қыркүйектен бастап ютуб платформасына құйылған болатын. Сол күннен бастап «Қалқанқұлақ» балалар телехикаясын 2 млн адам көрген екен», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум