Қалқұтан мен Жабай өзендерінде су деңгейі көтерілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ ТЖ комитеті Ақмола облысындағы Қалқұтан өзенінде су деңгейі елеулі межеге көтірленін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қардың тез еруі салдарынан Ақмола облысы аумағындағы Қалқұтан мен Жабай өзендерінде су деңгейі көтерілді. Қалқұтандағы су деңгейі
Осы орайда құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе тұрғын үйлерді су басуына жол бермеу шараларын іске асыруда. Бұл тұрғыда 20 адам, 5 арнайы техника жұмылдырылды.
Бұдан бөлек, Жабай өзенінде су деңгейі 3,4 м межесіне жетті, ал қауіпті шебі 3,45 м деңгейінде. Бүгінде құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар 20 метрлік бөгетті нығайту, құм салынған 150 қапты төсеу жұмыстарын атқарды. Бұл шараларға 32 адам, 14 арнайы техника тартылды. Су басу қаупі бар аймақта 87 тұрғын үй орналасқан, оларда 248 тұрғын бар. Тұрғындарды эвакуациялау үшін 400 адамға арналған уақытша орналастыру орындары жасақталды.