23:22, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
Қаллеки театры Жеңіс күніне орай «Кеш» драмасын ұсынады
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Жеңіс күніне орай А.Дударевтің «Кеш» драмасын ұсынады.

Драмада келешегі жоқ ауылдың күйі, балаларынан хат-хабар күтетін қарттардың өмірі сомдалады. Олардың бар ермектері - құдықтан су тарту. Көрермен спектакльді тамашалай отырып, Алла Тағаланың адамды жер бетіне жіберуінің мақсаты - жұдырықтай жүрегінің жылуымен осынау суық дүниені жылыту екен-ау деген ойға қалары анық.
Аталмыш қойылым 2010 жылы Тараз қаласында өткен Қазақстан театрларының XVIII республикалық фестивалінен бас жүлдемен оралды. Қойылым театр репертуарының идеялық-көркемдік деңгейін арттыру, ҰОС батырларына арналған тақырыпты қозғай отырып, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, оларға бағыт-бағдар беру мақсатын тұтады.
Қойылым 9 мамыр күні, сағат 18.30-да басталады.