«Қаллеки» театрына жаңа басшы тағайындалды

Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Айболат Жанғалиұлы Сексенбаев 1978 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Пятимар совхозы, Аққұс ауылында дүниеге келген. 1995-1999 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Менеджер және театр ұжымын басқарушы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999-2000 жылдары. Орал қаласындағы «ТДК-42» телеарнасында редактор қызметінде бастады. 2000-2006 жылдары. Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында әкімші, бас әкімші қызметін атқарды. 2005-2007 жылдар аралығында Қарағанды экономикалық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады. 2006 жылдан бастап аталмыш театрда директордың көрермен жөніндегі орынбасары, 2012 жылдан театр директорының бірінші орынбасары болған. 2013 жылдың 1 қарашасынан бастап, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» МКҚК директоры болып тағайындалған. 2016 жылдың 5 қаңтарында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметіне тағайындалып отыр.