Каллиграфия мектебі оқуға шақырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазандағы араб каллиграфия мектебі жаңа оқу жылына шәкірт қабылдайтынын жария етті, деп хабарлады www.muslim.kz.

Каллиграфия мектебі оқуға шақырады

Үміткерлер жүзбе-жүз әңгіме арқылы таңдалып алынатын бұл орталық Қазан ислам университетінде 2010 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол каллиграфия ісі бойынша Ресейдегі ең кемел орталық саналады. Каллиграфия ісіне машық жандар аз кездесетін қазақ қоғамы да бұл мектептен тәлім алса нұр үстіне нұр, деп атап өткен Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің сайты.