Калуга облысында бұғы үш көлікпен соқтығысты - екі адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Калуг облысында бұғы үш көлікпен соқтығысты, жол-көлік апаты салдарынан екі адам мен жануар қаза тапты, деп хабарлады жергілікті жол полициясы басқармасынан.
None
None

Апат дүйсенбіде Жуков ауданында "Мәскеу-Малоярославец-Рославль" А-130 трассасының 99-шы шақырымында орын алған.

Алдын ала ақпаратқа қарағанда, Мәскеу жағынан келе жатқан "ВАЗ-21130" жүргізушісі жолдан өткен бұғыны қаққан. Ол жолдың екінші жағына құлап, қарсы келе жатқан Hyundai Solaris және Daewoo Lanos көліктерімен соқтығысқан.

Салдарынан 59 жастағы Daewoo жүргізушісі мен оның 26 жастағы жолаушысы қаза тапты. Бұғы да аман қалмады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум