Қалың қар, жел, боран: Қызылорда-Павлодар және Екатеринбург-Алматы жолдары жабылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13 ақпан күні Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, жел күшейіп, боран соғып тұр.
Осыған байланысты сағат 14:30-дан бастап республикалық маңызы бар бірқатар жол учаскелерінде көліктің барлық түріне қозғалыс жабылды.
Олар:
«Қызылорда – Павлодар» (Қарағанды – Павлодар облысының шекарасы);
«Екатеринбург – Алматы» (Қарағанды – Ақмола облысының шекарасы, Қарағанды – Ақсу-Аюлы ауылы және Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолының учаскесі).
Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары адамдарды құтқару үшін екі мәрте жолға шықты.
Нәтижесінде 4 адам құтқарылып, 2 автокөлік тазартылған аумаққа сүйретіліп шығарылды.