Қалың қардың салдарынан Бейжің әуежайынан жүздеген жолаушы ұша алмай тұр
АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат - Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Қытай елордасына жауған қалың қардың салдарынан Бейжің халықаралық әуежайында 90-нан астам рейс кейін қайтарылды немесе кейінге ысырылды.
Өткен түні қардың қалың жаууы салдарынан, «Шоуду» халықаралық әуежайында 90-нан астам рейс қонуға рұқсат ала алмады немесе кешіктірілді. Сейсенбі күні таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша (мәскеу уақыты бойынша 3.00) әуежай қызметтері кешіктірілген тағы 30 рейсті қабылдауы немесе жөнелтуі керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
2009 жылғы алғашқы қар Бейжіңде қарашаның 1-інде жауды, ол соңғы 20 жылдағы рекорд болды. Синоптиктердің болжамынша, Бейжіңде апта бойы қар жауады, күн суытады.
Жол қызметтері Бейжіңің тұрғындарын автокөліктерін қойып, метромен жүруге және жолдарға шықпауға кеңес беруде. Бейжіңде қар мен жаңбыр сирек жауады, сондықтан да аталған табиғи құбылыстың кез-келгені жол-көлік оқиғаларының көбейіп, ұзыннан-ұзақ жол кептелістерінің орын алуына себеп болады.
Бейжің жолдарындағы көктайғақпен күресу үшін сейсенбі күні таңертең арнайы қызметтерге 2 мың тоннадан астам арнайы тұз бөлінді.