Қалың қардың салдарынан Калгариде 170 жол апаты болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Канаданың батыс өңіріндегі Калгари қаласында (Альберта провинциясы)  рекордтық көлемде жауған қар салдарынан 270-ке жуық жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Calgary Herald газеті жазып отыр.

Қалың қардың салдарынан Калгариде 170 жол апаты болды

Жергілікті полицияның хабарлауынша, қалада267 апат болып, 17 адам зардап шеккен. Қардың қалыңдығы 30 см-ге жеткен. Мерт болғандар туралы ақпарат  жоқ.

Бұған дейін 1914 жылдың 4 қазанында осында ең көп қар түскен еді. Онда қалыңдығы 29,7 см болған.

Қазіргі уақытта көрші қалалардан де шұғыл көмекке келіп, бәрі қалың қарды аршып жатыр.