Қалың қарға байланысты елорда маңы маршруттарының қозғалысы тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда маңы бағыттарындағы автобустар қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана LRT» ЖШС сайтына сілтеме жасап.

Қалың қарға байланысты елорда маңы маршруттарының қозғалысы тоқтатылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қардың жолды басып қалуы) №№ 309, 307, 311, 318 және 321 қала маңы бағдарларындағы қозғалыс уақытша тоқтатылды.

№ 308 бағдары Қызылжар кентіне бармайды.

№ 310 бағдары Максимовка кентіне тікелей трасссамен барады.

№№ 313, 314 бағдарлары Қызылсуат кентіне соқпайды. Ал № 315 бағдары Ижевск кентіне кірмей қайтады.