Қалың қарға байланысты ШҚО аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарда қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді.

Қалың қарға байланысты  ШҚО аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады

 Атап айтқанда, қардың қалың түсуіне байланысты сағат 12:00-ден бастап «Өскемен-Риддер» автожолының 15-105 шақырымы аралығында автобустарға жолға шығуға тыйым салынып отыр. Бұдан бөлек, «Өскемен-Зырян-Қатонқарағай-Рахман бұлақтары» жолының 6-65 шақырымында да көлік қозғалысы шектелді.