Қалыңдығы миллиметрден жіңішке батарейка жасалды

МӘСКЕУ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Германияның зерттеушілері шағын мөлшерлі жалпақ батареялар алудың экономикалық тиімді тәсілін әзірледі,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар әзірлеген батареялардың салмағы бір граммнан аспайды, ал олардың қалыңдығы бір миллиметрге де жетпейді. Қорек элементтерін әзірлеу кезінде оны экологиялық қауіпсіз деп санауға негіз бар, өйткені мұнда сынап пайдаланылмайды.

Батареяның номиналды шығу кернеуі стандартты (1,5 вольт). Элемент бірнеше қабаттан құралған, оның құрамына мырышты анод және марганецті катод енеді. Химиялық реакция барысында катод пен анод бұзылады.

Соңғы жаңалықтар