Қалыңдығын 18 «Камаздан» тұратын кортежбен жүріп қыдыртты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шаньши өлкесіндегі Луияң қаласында ерекше үйлену тойы болды. Күйеу жігіт пен қалыңдық және оның туыстары 18 «Камаз» жүк көлігімен шеру жасады. Әр «Камаз» жергілікті дәстүрге сай қызыл жолақтармен, гүлдермен безендірілді.

Қалыңдығын 18 «Камаздан» тұратын кортежбен жүріп қыдыртты

Той иесі - 25 жастағы Луияң қаласының тұрғыны Лей Хуаюн. Бірнеше жылдан бері жүк тасмалдаушы болып жұмыс істеген оның үйленетінін естіген достары күйеу жігіттің той шығынын үнемдеу мақсатында осындай сыйлық жасаған екен, деп жазады khabar.kz.