Қалыңдық ұрлығы үшін жаза күшейтілді

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Қырғызстанда қалыңдық ұрлығы үшін жаза күшейтілді.

Қалыңдық ұрлығы үшін жаза күшейтілді

Түзетулер енгізілген ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа редакциясына ел президенті Алмазбек Атамбаев қол қойды, деп жазады «Алматы ақшамы» газеті.

«Заң әйелдерді іс жүзінде неке қарым-қатынасын құру үшін, сондай-ақ әйел адамды оның еркінен тыс некеге тұруға күштеп ұрлағаны (алып қашу) үшін жазаны күшейту әдісі арқылы әйелдердің некеге тұру құқығын, сондай-ақ 17 жасқа (неке құру жасына) толмаған жеке тұлғалардың құқығын қорғауға бағытталған», - делінген таратылған хабарламада.