Қалыңмал орнына - миллион «лайк»
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Йеменде Сәлем Аяш есімді ақын болашақ күйеу баласынан қалыңмал орнына миллион «лайк» талап етіп отыр.
Оның Facebook-тегі өлеңін «ұнатқандардың» қатары осы межеге жетпесе, Аяш қызын сүйгеніне қоспауы мүмкін.
Жастардың қосылуын қалайтын қолданушылар қазір Сәлем Аяштың желідегі бетіне кіріп, белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Нitech.newsru.com-ның хабарлауынша, бүкіл әлем болып, «лайк» басылмаса, миллион дауысты йемендіктер өз күшімен бере алмайды. Себебі 25 миллионнан астам халқы бар бұл елде Facebook-ті тұтынушылар саны аса көп емес көрінеді. Құдаларынан «электронды» қалыңмал талап етіп отырған Аяш өз әрекетімен ғаламдық желіге қызығушылықты арттырмақшы, сондай-ақ азаматтардың некелесу салтын жеңілдетуді көздейді, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.