Қалыпты жағдайға көшкіміз келсе, екпе алу қажет - Сағынтаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бақытжан Сағынтаев қаладағы эпидемиологиялық жағдайға арналған онлайн брифингте коронавирусқа қарсы вакцинацияның маңызды екенін айтты, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.
None
None

Қала әкімі вакцина тегін салынатынын атап өтті. Қаражат бюджеттен бөлінеді.

«Қазір біздің қолымызда ресейлік «Спутник V» вакцинасы бар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізге қытайлық SinoVac вакцинасы жеткізіледі. Былтыр желтоқсанда қосымша екі мыңнан аса ерікті QazVac отандық вакцинасымен егілді. Сәуірдің соңына дейін алты мыңға жуық доза әкеледі деген үміттеміз. Сол жағдайда ғана халық қандай вакцина салдыратынын таңдай алады», - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ ол тұрғындарды вакцинаға қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды.

«Бәріміз, көріп, біліп отырмыз, бір жыл өтті бұл аурудың шешімі жоқ. Қайта-қайта локдаун жасап, карантинге жауып жатсақ та бұл ауру кетпей жатыр. Біз қауіпсіздіктің барлығынан өттік. Аурудың таралуы бірде көтеріліп, бірде түсіп отыр. Енді британдық, оңтүстік штамм шығып жатыр. Мұның мутациясы ары қарай кете береді. Келесі жылы басқа да мутациясы шығуы мүмкін. Бұл вирус бізден ешқайда қашып кетпейді. Менің түсінігімде өмір бойы бізбен болады. Сол себепті бұдан қорғанамыз десек бізге вакцина керек. Басқа шешімін көріп отырған жоқпыз. Оны мамандардың барлығы айтып отыр. Ірі мемлекеттердің бәрі тек вакцинамен шешіп жатыр. Егер бұрынғы қалыпты жағдайға көшеміз десек онда қорықпай, қауесетке ермей екпені қабылдауымыз қажет»,-деді Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар