«Қалжат» кеден бекетінде көліктік-логистикалық орталық салынады - КБК

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Қалжат» кеден бекетінің жанында шекарамаңы көліктік-логистикалық орталықтың құрылысы жоспарланған,
None
None

деп хабарлады ҚР Премьер-Министрдің ресми сайты Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Қалжат» кеден бекетінің жанында шекарамаңы көліктік-логистикалық орталықтың құрылысы жоспарланған. Көліктік-логистикалық орталық (КЛО) құру «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» халықаралық көліктік-логистикалық жүйеге Қазақстанның ықпалдастығына көмектеседі»,- делінген комитет ақпаратында.

Сонымен қатар, КЛО өңір экономикасын дамытуды, көліктік-логистикалық шығындарды азайтуды қамтамасыз етеді, көліктік-логистикалық қызметтер нарығы үшін қолайлы жағдайлар жасайды, сонымен қатар өңірде қосымша жұмыс орындарын қалыптастырады.

Сарапшылардың айтуынша, республиканың шекаралық өткелдерінде көліктік-логистикалық инфрақұрылым құрылысы тауар алмасу көлемдерін арттырып, көліктік-транзиттік әлеуетті пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, Қазақстанның өсіп келе жатқан сыртқы сауда айналымы, жүк тасымалдаудың экспорттық-импорттық өсуі жағдайында тауар және көліктік ағындарды өңдеу, оның ішінде жүктерді кедендік өңдеу бойынша логистикалық қызметтердің барлық спектрін ұсынуға қабілетті арнайы терминалдық кешендерге жоғары сұраныс пайда болады.

Соңғы жаңалықтар