Камала Харис Сан-Францискода Трампты сынап, сөз сөйледі

АСТАНА. KAZINFORM – Бұрынғы вице-президент Камала Харис Сан-Францискода сөйлеген сөзінде Дональд Трампты тарифтер, үкімет шығындарын қысқарту мен оның әкімшілігінің елді бастаған жолы үшін қатты сынады, деп хабарлайды Kazinform мешікті тілшісі.

 Камала Харис Сан-Францискода Трампты сынап, сөз сөйледі
Фото: KTVU FOX 2 San Francisco

Мемлекеттік қызметке ұсынылған әйел демократтарды қолдайтын «Emerge» ұйымының 20 жылдығын тойлау шарасындағы Камала Харистің сөзі Дональд Трамптың билік басындағы 100 күніне сәйкес келді, деп хабарлайды ABC News.

- Түрлі саяси көзқарастағы Американың барлық азаматтары президенттің ақылға сыймайтын тарифтері күнделікті тұтынылатын бірінші кезектегі маңызды тауарлардың бағаларын өсіре отырып, жұмыскерлер мен олардың отбасыларын шығынға батырып жатыр, сондай-ақ азаматтардың өмір бойы жинайтын зейнетақы есептеріндегі қаржысы азайып, америкалық ірі және шағын бизнестің дамуына кедергі болды. Бизнес өкілдері қазір қызметкерлерді жұмыстан босата отырып, инвестициялық шешімдерді қабылдау жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр, - деді Камала Харис.

Оның сөзінше, америкалықтар бірлесе отырып, жұмыс істеуге, өз пікірлерін ірікпей айтуға дайын болулары керек.

Сөзінің соңында Харис: «Бұл біздің еліміз екенін есте ұстаңыздар. Ол Ақ үйдегілердікі емес. Ол біздікі, ол халықтікі», - деді.

Президенттікке Демократиялық партия атынан үміткер болған Камала Харис Ақ үйден кеткен соң көпшілік алдына сирек шығып, саяси белсенділігін төмендеткен болатын.

Харис саясатқа қайта оралып, өзінің кадидатурасын Калифорния губернаторы лауазымына ұсыну туралы ойланып жүр.

Кейбір демократтар оны 2028 жылғы президент сайлауына бірден бір үміткер ретінде қарастырады.

Осыған дейін Трамптың билік басындағы 100 күніне арналған сараптама жариялаған болатынбыз.

Сондай-ақ АҚШ-та жоғары тарифтер сақталса 2025 жылы рецессия болады деген болжам жасалғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар