11:11, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Қамауда отырып, өзгені жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген азаматтың үстінен іс қозғалды
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен тәулікте Астана қалалық Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жүргізілген жедел-сауықтыру шараларының барысында Сарыағаш-Омбы бағытында жол жүріп бара жатқан «Неоплан-116» көлігін тоқтатып, тексеру барысында көліктен 19,8 килә марихуана тапты.
Бұл туралы ҚазАқпаратқа Астана қалалық Ішкі істер департаментінен хабарлады.
Бұл көлікті Шымкент қаласының «Б» атты тұрғыны жүргізіп бара жатқан. Есірткі тасымалының жолын кесу әрекетін жол полициясы мен ішкі істер органдарының арнайы мақсаттағы жасақтары іске асырған. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша арнайы іздестіру шаралары жүргізілуде. Ал «Адам саудасына жол жоқ» жедел-сауықтыру шарасы кезінде тағы бір тосын қылмыстың бетін ашылды. Департамент өкілдерінің хабарлауынша, ақпанның 5-і мен 10-ы аралығында елордадағы тергеу абақтысының бірінде қамауда отырған Т. есімді азамат жын-ойнақ ұйымдастырған. Бұнысымен қоймай, К. есімді азаматшаға зорлық көрсетіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұл іс бойынша да арнайы тексеру жұмыстары жүргізілуде. Департамент мәліметтеріне қарағанда, өткен тәулікте Астанада барлығы 9 қылмыс тіркеліпті. Оның ішінде бұрын жасалған екі қылмыс та бар.