Қамауға алуды санкциялау шарасы бойынша сот тәжірибесі қалыптасып үлгерді - М.Әлімбеков

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ағымдағы жылдың жартысында еліміздің сот органдары Мемлекет басшысы алдыға қойған міндеттерді тиісті деңгейде орындап, сот төрелігін жоғары деңгейде атқарды.
None
None

Сот органдарын қаржыландыру мен олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелері тиісті деңгейде шешілді. Бүгін Жоғарғы соттың 2009 жылдың 6 айында атқарған жұмыстарын Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков осылай қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, қазір сот тәжірибесін жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Сот билігі әділдік пен заңдылық қағидаларының үстемдігін бекіте отырып, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қабілетті орган ретінде қарастырылып отыр. «Біздің тарапымыздан жасалған  стратегиялық көрсеткіштер мен әлеуметтік зерттеу мәліметтері осындай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қоғамдық сауалнама елдің сот жүйесінің мемлекеттік институт ретінде орныққанын көрсетті. Сауалнамаға байланысты материалдардың барлығы облыстық сот төрағаларына берілді. Олар осы материалдар негізінде жұмыстарын жетілдіре берулеріне болады. Бұл ретте айта кететін мәселе, бірінші сатыдағы соттардың үкімдері мен шешімдеріне деген шағымдар азая бастады. Сот актілерінің саны мен одан жоғарғы органдардың және олардың күшін жою әрекеттері қысқарды. Жергілікті соттарға деген шағымдар мен өтініштер өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 16 пайызға кеміді», деді Жоғарғы сот  төрағасы.

 Оның  мәліметтеріне қарағанда, осы уақытта қамауға алуды санкциялау мәселесі бойынша, сот тәжірибесі қалыптасып үлгерді. «Ағымдағы жылдың маусым айының 1-індегі көрсетшіктер бойынша тұтқынға алуға санкция беру және тұтқындау мерзімін ұзарту туралы істерді қарау нәтижесі 97 пайызға дейін қанағаттандырылды. Орташа есеппен алғанда, республикада бір айда 1 мың 720 адамды тұтқынға алу санкциясы беріледі», деді М.Әлімбеков.

Соңғы жаңалықтар