«КамАЗ» жүк көлігі 3 жаяу жүргіншіні қағып кетті

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні кешке Алматы облысы Ескелді ауданының Қаратал ауылында «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі 3 жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«КамАЗ» жүк көлігі 3 жаяу жүргіншіні қағып кетті
Нәтижесінде 2 адам оқиға орнында көз жұмып, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Сондай-ақ осы күні сағат 10:00-де Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы аумағында Алматы-Екатеринбор автожолының 519-шы шақырымында «Хонда» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, автомобиль аударылды. Жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында мерт болды.