Қамбар батыр жырын жатқа айтқан қыздың ұстазы байқаудан көлік мініп қайтты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында оқушылар арасында ерекше байқау өтті. Жыр-дастандарды жатқа айтудан өткен сайысқа аудан, қалалардан іріктелген балалар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

«Жақсылар, дастан айтайық» атты жас жыршылар байқауын «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеті ұйымдастырды. Басылымның қазақша күрестен жыл сайын өткізетін дәстүрлі турнирінен бүгінгі байқаудың бәсі жоғары болды. Себебі, мектеп қабырғасында  білім алып жатқан оқушылардың санасына батырлардың ерік жігерін сіңіріп,  рухы мықты қайсар азамат қылып тәрбиелеудің маңызы зор. Оның үстіне ұялы телефон қолдан түспейтін заманда жеткіншектердің әдебиетке деген қызығушылығын ояту байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат болды.

Сонымен ерекше байқауда оқушылар батырлар жырын жатқа айтып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді. Үшінші талап бойынша Қамбар батыр жырындағы көнерген сөздердің мағынасын ашып, айтып беруі тиіс болды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені түркістандық Гүлжайна Елмұратова еншілеп, 200 мың теңге сыйақыға ие болды. Ал оның ұстазы Майра Назарбекова темір тұлпарды мініп қайтты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум