Қамбарата стансасының құрылысына тартылатын қарызға Қазақстан кепілдік бермейді – министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қамбарата-1» СЭС-нің құрылысына қарыз сырттан қарыз тартылуы мүмкін. Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, мұндай амал халықаралық жобаны қаржыландыру талаптарына сай келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жобаны халықаралық жобалық қаржыландыру талаптарына сәйкес іске асыру жоспарланған. Оның шеңберінде қарыз қаражатының қажетті көлемін сырттан тарту қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы тарапынан мемлекеттік кепілдіктер беру көзделмейді», - деп жазылған ведомствоның ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.

Министрлік мамандары Қырғыз елінің аумағындағы жобаға Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының қатысуы былтыр Шолпаната қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуі шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында іске асатынын айтады.

Еске салсақ, 6 қаңтарда Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев және Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов «Қамбарата ГЭС-1 құрылысы» жобасын іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойған еді.

Бұған дейін Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Қанатбек Азиз «Қазақстан - Өзбекстан - Қырғызстан» үштігінің «Қамбар Ата-1» гидроэлектр станциясын бірлесіп салу жобасының келешегі туралы пікір білдірген болатын.


Ашық көздерден алынған фото


Соңғы жаңалықтар