Камбоджа мен Таиланд шекарасында XI ғасыр храмы үшін ұрыс жүруде

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Таиланд пен Камбоджа қарулы күштерінің арасындағы ұрыс барысында XI ғасырдың буддистік храмы бұзылды. Бұл тарихи ескерткіш екі ел арасындағы дау-дамайдың негізі болып табылады, деп хабарлайды РБК.
None
None

Камбоджа әскер өкілдері атап өткендей, храмның бір бөлігі тай әскерінің артиллериялық соққысынан кейін бұзылған. Тай әскерінің өкілдері бұл ақпаратқа түсініктеме бермей отыр.

Камбоджа мен Таиланд шекаралық аймақта орналасқан көне буддистік храмның қай тарапқа тиесілігін даулап келеді.

Камбоджа мен Таиланд шекарасындағы қарулы қақтығыс бірнеше күннен бері жалғасуда. Екі елдің әскерлері миномет және артиллерия қолдану үстінде. Өзара оқ атысудың нәтижесінде бес адам қаза болды.

Соңғы жаңалықтар