Камбоджада адам аяғының астында қалып қаза тапқандар саны 340 адамға жетті
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Камбоджа астанасы Пномпень қаласында қалың адам тобының ішінде қаза тапқандар саны 340 адамға жетті. Оқиға Су байқауын (Судың кері айналып ағуы) тойлау барысында Тонлесап өзенінен Алмаз аралына апаратын тар көпір үстінде орын алды.
Бұл туралы елдің премьер-министрі Хун Сеннің сөзіне сілтеме жасай отырып Би-Би-Си агенттігі хабарлады.
Оқиғаны өз көзімен көргендердің айтуынша, көпірдегі тәртіпсіздіктер бір топ адам арасында бірнеше адам есінен танып қалған соң басталған. Мерекеге қатысамыз деген кейбір адамдар адам аяғының астында тапталып қалса, кейбіреулері өзенге құлап, батып кеткен. Бір топ адам көпірден кеткен кезде оқиғаның жүздеген құрбандары жерде жатқан.
Билік болса көз жұмғандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады, оқиға салдарынан кем дегенде 329 адам зардап шекті.
Пномпень қаласы Үндіқытайдың ең ірі су күре жолында, Меконг өзеніне құйылысындағы Тонлесап өзенінде орналасқан. Судың кері айналу құбылысының мерекесі тамаша сәттермен аталып өтіледі, Камбоджадағы жаңбырлы маусым аяқталып, құрғақ маусымға ауысқан кезде өзеннің ағысы ауысып, Меконга өзенінен Тонлесап аралына қарай аға бастайды.
Осы оқиғаны Камбоджа елі жаппай тойлауға шығып, Пномпень қаласында халықтың басым бөлігі жиналатын.