16:27, 11 Мамыр 2017 | GMT +5
Камбоджада Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының экономикалық форумы басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыру және одан кейінгі өсуіне экономикалық және геосаяси ықпалы - Дүниежүзілік экономикалық форумда қаралатын басты тақырыптардың бірі.
Бейсенбі күні Камбоджа астанасы Пномпеньде «Жастар, технологиялар және экономикалық өсу» тақырыбындағы конференция ашылды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Аталмыш экономикалық форум биылғы жылы Қауымдастықтың құрылғанына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Бұған қатысуға келген делегаттар саны 800-ге жуық, олардың қатарындағы мемлекет басшылары, жетекші саясаткерлер, экономистер, ғалымдар және халықаралық деңгейдегі ірі бизнес өкілдері Азия елдеріндегі тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыру мәселелерін талқылайды.