Камбоджада парламент сайлауында дауыс берушілер саны 75%-дан асып кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жексенбіде Камбоджа Ұлттық ассамблеясының (парламенттің төменгі палатасы) сайлауында дауыс берушілердің қатысуы 75%-дан асқан. Бұл туралы журналистерге Камбоджа ақпарат министрі Кхиеу Каньярыт мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Камбоджада парламент сайлауында дауыс берушілер саны 75%-дан асып кеткен

«15:00-де барлық сайлау учаскелері жабылғаннан кейін алынған ресми емес нәтижелер бойынша, сайлауға қатысқандар саны 75,04%-ды  құраған", - деді министр.

Камбоджаның қазіргі тарихында алтыншы рет өтіп жатқан Ұлттық ассамблея сайлауына 20 жергілікті партия қатысты. Көп дауыс жинаған саяси күш корольдіктің жаңа министрлер кабинетін құрады.

Камбоджа орталық сайлау комиссиясының дерегіне сәйкес, корольдіктегі 16 млн халықтың арасынан 8,38 млн азамат қазіргі сайлауда дауыс беруге құқылы.