Камбоджада піл сүйектері рекордтық көлемде тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Камбоджаның кедендік қызметі өзінің тарихында піл сүйектерінің ең ірі контрабандасының жолын кесті.

Камбоджада піл сүйектері рекордтық көлемде тәркіленді

Шенеуніктердің мәлімдеуінше, үш тоннаға жуық заңсыз жүк анықталды. Сиануквиль портындағы кеден өкілінің айтуынша, қазіргі кезде контрабандалық жүктің негізгі бағытын анықтау бойынша тергеу амалдары басталды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметтеріне қарағанда, контейнер Малайзиядан жөнелтілген көрінеді.

Өз кезегінде экологтар Камбоджа Вьетнам мен Қытай сатып алушылары үшін африкалық піл сүйектерінің контрабандасы тұрғысында ірі көліктік торапқа айналып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.

1989 жылы Африкада жойылып бара жатқан пілдерді қорғау үшін піл сүйектерінің халықаралық саудасына тыйым салынған болатын. Атап айтқанда, пілдің азуы әшекейлер өндірісінде пайдаланылады.