04:41, 04 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Камбоджада СПИД ауруын таратқан дәрігер 25 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдегі сот арнайы лицензиясыз жұмыс істеп келген дәрігерді 25 жылға түрмеге жапты. Тергеу материалдарына сәйкес, Ем Чрин атты дәрігер өзінің 100-дан астам ауылдасын қатерлі дертке шалдыртқан, деп хабарлады www.24.kz.
Оның бір шприцпен қатарынан бірнеше науқасқа екпе жасағандығы анықталды. СПИД-ті жұқтырғандардан 10 адам көз жұмған. Баттамбанг провинциясы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушы СПИД ауруын қасақана таратқаны және лицензиясыз жұмыс істегені үшін кінәлі деп танылды. Ем Чрин тұтқындалған бойда қарулы күзет қойылды. Себебі полиция елді мекен халқы одан өз бетінше кек қайтаруы мүмкін еді, деп жазады planet-today