Камчатка тұрғыны ұрланған көлікте үсіп өлді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Камчатка тұрғыны танысынан ұрлап кеткен көлікпен омбы қарға батып қалып, шыға алмай, үсіп қалған.

Бұл туралы lenta.ru хабарлады.

Оқиға Усть-Большерецк ауданында орын алған. Сенбі кешке, 17 қаңтарда жергілікті тұрғын Усть-Большерецк кентіне жақын жердегі тас жолда Nissan Sunny көлігін байқаған. Ішінде үсіп қалған екі ер адам болған, деп хабарлады ІІБ өлкелік басқармасының баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына полицейлер, дәрігерлер, мен ауылдық әкімшілік өкілдері жетті. Тексеру барысында 25 жастағы жұмыссыз, Октябрский кентінің тұрғыны танысынан Nissan көлігінің кілтін ұрлап, 32 жастағы танысымен көлікпен қыдырып қайтпақшы болғаны анықталды. «Ауылдан шыға бере көлік омбы қарға батып қалады. Ер адамдар оны қар құрсауынан босатып алмақ болып тырысады, ол оңайға соқпаған соң, демалмақшы болып салонға кіріп, ұйықтап қалады», - делінген хабарламада. Салдарынан 25 жастағы ер адам денесі мұздап, қаза тапса, оның досы аудандық ауруханаға жеткізілді.

Болған оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар
telegram