Камчатка жағалауында жер сілкінді
АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Камчатканың солтүстік-шығыс жағалауында күші 6,7 балдық жер сілкінісі болды.
Зардап шеккендер мен апаттық жағдайлар, сондай-ақ цунами қауіп-қатері жоқ. Бұл жайында ИТАР-ТАСС-қа Петропавловскінің сейсмологиялық стансасынан хабарлаған.
Камчатка сейсмологтарының мәліметтеріне қарағанда, жерасты дүмпуі бүгін тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы теңіз аумағында байқалды және ол 34 шақырым тереңдікте болды.